Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің өкілдері Бескөл ауылында өткен Мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты.
Аталған шараға мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты. Кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке барысында:
✅ Колледждің білім беру бағдарламалары таныстырылды
✅ Қабылдау ережелері мен оқу шарттары туралы толық ақпарат берілді
✅ Медицина саласындағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңестер ұсынылды
✅ Болашақ талапкерлерге мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсетілді
💉 Шара қатысушылары денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат алды.








