Петропавл медицина техникумы, Петропавл фельдшерлік-акушерлік мектеп, Петропавл фельдшер мектебі, Петропавл медицина училищесі, Солтүстік Қазақстан медицина колледжі – бұл Қазақстанның ескі оқу орындарының бірінің тарихи кезеңдері. Оқу орнының траихы 1930 жылдан басталады, Қаз АССР денсаулық сақтау Халықтық Комиссариатының №6979 ұсынысына және оның №6509 телефонхатына, Петропавл қалалық кеңесінің 29.10.1930 жылғы нұсқауына сәйкес «Сырқаттарды жалпы күту техникасы», «Физиотерапевтер және ренгенотехниктер» деген екі бөлімнен тұратын Петропавл медициналық техникумы ашылады. Бірінші ұйымдастырушы және директор дәрігер-рентгенолог Роговой Даннил Карпович болды.
Медицина колледжі бірнеше рет қайта құрылды, өлкенің емдеу алдын алу мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ете отырып, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіби білім беру жүйесінде ерекше орын алды.
1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бұрыш-бұрышына жұмысқа орналастыру бойынша алғашқы 37 жас маман жіберілді.
1936 жылдың 30 қазаны медицина техникумы фельдшерлік-акушерлік мектеп деп аталды, оның 3 бөлімшесі болды: фельдшерлік, акушерлік, мейірбике бөлімшесі.
1939 жылы акушерлік бөлім жабылды. 1939 жылдың 28 шілдесінен бастап фельдшерлік-акушерлік мектеп фельдшерлік мектеп деп өзгертілді.
Соғыс жылдары фельдшерлік бөлім ғана болды. 01.11.1941 жылғы І, ІІ, ІІІ курстарының оқушылар және мейірбикелер саны 350 адамды құрады. Соғысқа дейінгі және соғыс жылдары көптеген түлектер Отан алдында қасиетті борышын өтеп, Ұлы Отан соғысына қатысты және әскер қатарына жауынгерлердің қосылуына септігін тигізді. 1939 жылды түлегі Виктор Иванович Быковский Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен ерекше ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы көптеген түлектер Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен ерлігі, батырлығы және еңбектегі қайсарлығы үшін үкімет тарапынан орден-медальдармен марапатталды. Солардың ішінен Моложенко И.А., Антилогова С.П., Тимошенко В.Д., Плясунова И.П., Илюхина Г.И. атауға болады. Соғыстан кейінгі жылдары олар облыстық және қалалық денсаулық сақтау саласында қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысының жылдары және одан кейінгі кезеңде колледж ұжымы білікті мамандарды даярлау бойынша ойдағыдай жұмыс істеді.
1946 жылы медицина училищесі ҚССР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болды.
КСРО Кеңес Министрлігінің 1948 жылдың 16 маусымдағы № 2083 Қаулысының негізінде фельдшерлік мектеп 4 жылдық оқу мерзімімен фельдшерлік-акушерлік бөлімше болып қайта құрылды.
1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Сол себепті облыста медицина қызметкерлеріне деген сұраныс туындады. 15.05.1954 жылы КСРО-ның Кеңес Министрлігі № 919 Қаулысының және КСРО-ның Денсаулық сақтау министрлігінің 31.05.1954 жылғы №98-М бұйрығының негізінде СҚО Петропавл фельдшерлік-акушерлік мектеп орта медицина қызметкерлерін, фармацевттерді, фельдшерлер мен акушерлерді 3 жылда оқыту мерзімімен ҚССР Денсаулық сақтау министрлігінің Петропавл медицина училищесі болып қайта құрылды.
Оқу орнының Розанова А.И., Голубенко П.Ф., Мордвинова С.П., Попов А.С., Громов В.И., Логань И.Я., Белик С.А., Погребицкая А.Г., Зайковский А.Г., Саратаев Ж.Н., Имбаева А.А., Қабышева С.А. басқарды.
Бастапқыда техникум Брусиловский көшесінде орналасқан Бірінші облыстық аурухананың жабдықталмаған бөлмесінде орналасты. Қазіргі кезде колледж жалпы ауданы 4421 шаршы метр 1984 жылы пайдалануға тапсырылған,2 корпустан (2 және 4 қабатты кірпіш ғимарат) тұрады. Оқу алаңы 2554 шаршы метрді, 1 оқушыға оқу ауданы 4,3 шаршы метрді құрайды, бұл техника қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық нормалар талаптарына сай келеді. Әкімшілік корпуста құрылымдық бөлімшелер кабинеті, 250 орны бар акт залы, 140 отыратын орны бар асхана, медицина пункті, 288 шаршы метрді құрайтын типтік спорт залы және ауданы 72 шаршы метр тренажерлар мен үстел теннисіне арналған бөлме, шаңғы базасы, киім шешетін бөлме, душ бөлмесі орналасқан. Колледждің оқу базасында 15 дәрісхана және 31 оқу кабинеттен мен зертханалар бар.
Қазіргі таңда мамандарды даярлауды жоғары медициналық, фармацевттік және педагогикалық білімдері бар 66 адамнан тұратын педагогикалық ұжым жүзеге асырады.
Колледждің білім беру саясытының қазіргі кездегі мақсаты - нарық динамикасы жағдайында кәсіби ұтқыр, тұрақты өздік білім алу және өздік дамуына дайын тұлғаны даярлау. Қазіргі кезде оқушылар саны 1216 адамды құрайды.
Болашақ орта буын медицина қызметкерлерін дайындау замауи жабдықтармен жабдықталған дәрісханаларда жүргізіледі, дәрісханаларда студенттер медицина биологиясы және генетикасы, қалыпты және патологиялық анатомия, физиология, гинекология және акушерия және басқа да пәндер бойынша сапалы білім алады. Студенттер көрнекі құралдармен, аудио және видеотехникамен жабдықталған колледждің клиникаға дейінгі тәжірибе кабинеттерінде және зертханаларында тәжірибелік дағдыларын шындайды. Сабақтар тек колледжде ғана емес, сонымен қатар 24 емдеу және алдын алу мекемелерінің базасында өтеді, олардың ішінде ең ірілері: Облыстық аурухана, Кардиологиялық орталық, 1 және 3 қалалық аурухана, Облыстық перинаталдық орталық, Облыстық балалар ауруханасы, Балалар стоматологиялық емханасы, Онкологиялық диспансер және т.б.
Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің студенттерін оқыту мен тәрбиелеу қызметтің үнемі жаңа түрлерін іздейтін бірыңғай үдеріс. Колледждің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесінің негізі әкімшіліктің жауапкершілігі, педагогтардың тәжірибесі және студенттік өздік басқару.
Колледждің оқытушылары мен қызметкерлерінің ұжымы оқу-тәрбие жұмысының жемісті болуы үшін нақты үрдіс жасады.