"Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖК КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова қ. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60

Құжаттар тізбесі

Құжаттар тізімі

Қабылдау комиссиясының жұмысы: 2022 жылғы 25 маусымнан 25 тамызға дейін.

Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.06.2022ж. - 25.08.2022 ж.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. Бағалары қоса берілген білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. Көлемі 3х4 см, 5 дана фотосурет;
  4. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген №075-У нысанындағы медициналық анықтама, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Құжаттарды электрондық түрде беру үшін барлық құжаттар түпнұсқада, ксерокөшірмеде және флешкада РDF форматында электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  1. Шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
  2. Азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. Босқын – босқын куәлігі;
  4. Мана іздеуші тұлға – куәлік, пана іздеуші;
  5. Кандас – қандас куәлігі.

Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурс Білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. (Емтихандар қарастырылмаған). Талапкерлерді қабылдау ережелеріндегі барлық өзгерістер колледж сайтында алдын-ала жарияланады.

Бағалардың жиынтық балы қалыптасады:

негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 - сынып) - үш пәннің бағалары бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән (биология, химия)

жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (11 - сынып) - төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пәннен (биология, химия)

мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (биология, химия)

мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін - білімі туралы құжаттың (дипломның) орташа балы.

Оқуға түсушілерді бағалаудың жиынтық балы тең болған кезде бірінші кезектегі тәртіппен «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) қабылдау квотасы көзделген адамдар санаты, сондай-ақ шығармашылық және арнайы конкурстардың нәтижелері ескеріледі.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!