Медицина колледжінде қызметкерлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен жағдайда әрекет ету алгоритмі және оларды қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған оқытушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Құжаттың негізгі ережелерін комплаенс-маман түсіндіріп, төмендегі мәселелерге жан-жақты тоқталды:
* сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама алынған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі;
* сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін қарастырылған арналар;
* құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен қорғау шаралары;
* құпиялылықтың маңыздылығы және хабарлаушыларға қатысты қысым көрсетуге немесе кемсітуге жол бермеу.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастырудағы, сондай-ақ кәсіби қызметте адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтаудағы басшылар мен оқытушылардың рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің өз құқықтарын қорғау тетіктерін жақсы түсінуіне ықпал етіп, жұмысқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады
Жаңалықтар
Медицина колледжінде қызметкерлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен жағдайда әрекет ету алгоритмі және оларды қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған оқытушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
Қаралды: 24








