«Ұлт мақтанышы – Жұмағали Тілеулин»
Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде қазақтың көрнекті ағартушысы, дәрігер және қоғам қайраткері Жұмағали Тілеулиннің 135 жылдығына арналған ғылыми–практикалық конференция өтті.
Іс-шараны Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві ұйымдастырды.
Конференцияға тарихшылар, ғалымдар, журналистер, музей және архив қызметкерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мұрасын дәріптеу, Жұмағали Тілеулиннің ағартушылық және медициналық еңбегін жастар арасында насихаттау.
Кездесу барысында қатысушылар тұлғаның өмірі мен еңбегін насихаттау, оның ағартушылық идеяларын заманауи білім мен тәрбие жүйесіне енгізу жөнінде ұсыныстар білдірді.
Сонымен қатар, колледж музейі мен «ХХ ғасырдың басындағы Қызылжардың ұлттық зиялылары» атты көрме таныстырылды.
🌿 Жұмағали Тілеулин – ұлт руханияты мен медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға.
Жаңалықтар
«Ұлт мақтанышы – Жұмағали Тілеулин»
Қаралды: 23