Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда!
Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұжымы кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. 📚
Бұл жолы колледждің тәжірибелі мамандары мен белсенді студенттері Мамлют ауданының мектеп бітіруші түлектерімен кездесті.
Кездесу барысында болашақ талапкерлерге
✅ медицина саласының ерекшеліктері,
✅ сұранысқа ие мамандықтар,
✅ колледжде білім алудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәлімет алды. Білікті мамандыққа бастар жол осындай кездесулерден басталады! 🌟
Мамлют ауданының аудандық ауруханасына кездесуді ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы мен көмегі, сондай-ақ болашақ медициналық кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз. 🤝
Жаңалықтар
Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда!
Қаралды: 15








