2025 жылғы 2 қазанда біздің медициналық колледждің студенттері танымдық мәдени-тарихи іс-шараға — ашық аспан астында өткен «Құрылтай — Қазақ хандығын біріктіруші орган» тақырыбындағы дәріске қатысты. Дәріс тарихи атмосферада өтіп, Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуының негізгі аспектілеріне арналды. Студенттерге Құрылтайдың халықты біріктірудегі және маңызды шешімдер қабылдаудағы рөлі, сондай-ақ оның жоғарғы кеңесші орган ретіндегі маңызы жайлы айтылды.
Іс-шараға қатысушылар хандықтың әкімшілік құрылымы, билеушілері, шекаралары, тұрмысы мен қазақ халқының дәстүрлері туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, сол дәуірдің мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Бағдарламаның соңында студенттер Абылай хан резиденциясына экскурсия жасап, тарихи ескерткіштерді көзбен көріп, ұлы ханның өмірінен қызықты деректер естіп, өткен дәуірдің рухын сезіне алды.