2025 жылғы 03 желтоқсанда «Заң және тәртіп» республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Шаимова А.С. медициналық колледж студенттеріне қаржылық қауіпсіздік тақырыбында оқыту сабағын өткізді.
Іс-шара барысында білім алушыларға интернет-алаяқтық және өзге де қаржылық құқықбұзушылықтар саласындағы заманауи тәуекелдер мен қауіп-қатерлер туралы ақпарат ұсынылып, олардың ықтимал салдары түсіндірілді, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу және жеке деректерді қорғау бойынша ұсынымдар берілді, өзін қалай қорғау және қаскөйлердің құрбаны болмау жолдары түсіндірілді.








