"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқа отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы хаттамалық тапсырмаларын іске асыру және «2025 жыл – МСАК мамандарының біліктілігін арттыру жылы» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде оқыту.

Previous Next

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқа отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы хаттамалық тапсырмаларын іске асыру және «2025 жыл – МСАК мамандарының біліктілігін арттыру жылы» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің базасында 28.04.2025 жылдан бастап облысымыздың МСАК орта медицина қызметкерлерін үш жылға дейінгі жұмыс өтілімен келесі тақырып бойынша оқыту басталды: «Патронаж: созылмалы аурулары бар науқастарға (АГ, ҚД, СЖЖ), жүкті әйелдерге бару. Ерте жастағы балаларға күтім жасау». Оқытуға облысымыздың 15 медицина ұйымының мамандары жұмылдырылған. Оқу барысында тыңдаушылар АББ шеңберінде пациенттерді диспансерлік бақылау ережелерін, патронаж қызметкерінің міндеттерін оқып үйренді.
МСАК орта медицина қызметкерлері ӘППМ модульдеріне сәйкес сертификатталған жаттықтырушылар Д.Н.Асылбековамен және Г.К.Жаудиновамен оқытылады. Курс тыңдаушылары үйде бақылау ережелерін, ата-аналарды ерте жастағы балалардың дамуы, тамақтануы, білімі, ынтықтықты қалыптастыру және ынталандырушы орта құру туралы кеңес беруді үйренеді.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!