Бүгін Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің акт залында облыстың денсаулық сақтау ардагерлерін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.
💐 Шара барысында ардагерлерге өз өмірін адам денсаулығын сақтау ісіне арнағаны, кәсібіне адалдығы мен өңір медицинасының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс пен ыстық ықылас білдірілді.
🏅 Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасының, Ардагерлер кеңесінің және «AMANAT» партиясының облыстық филиалының алғыс хаттары мен марапаттары табысталды.
🎶 Ардагерлерге арналған концерттік бағдарламада Солтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары, сондай-ақ колледждің ұстаздары мен студенттері өнер көрсетті.
❤️ Бұл кеш – өз өмірін ең ізгі мамандыққа, адам өмірін сақтауға арнаған жандарға деген құрмет пен ризашылықтың айғағы болды.
📸 Іс-шара соңында естелік суретке түсті.