Алғашқы күн. Алғашқы жауапкершілік. Алғашқы тәжірибе.
Петропавлдағы Ж.Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері бүгін ерекше күн өткізді. Олар бір күнге облыстық көпбейінді аурухананың қызметкерлеріне айналды.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Дублер күні» аясында 24 студент алғаш рет ақ халат киіп, науқастарға көмек көрсетті. Бұл олардың өміріндегі алғашқы кәсіби тәжірибе болды.М
Медицина — жай ғана мамандық емес. Бұл — адам өміріне жауапкершілік алу, мейірім мен сабырдың мектебі.
Сол себепті колледж басшылығы студенттерді алғашқы күннен-ақ нақты жағдаймен таныстыруды мақсат етеді.
💉 Кімде-кімге екпе қою керек — студенттер орындады.
💊 Дәрігердің нұсқаулығымен дәрі-дәрмек таратып, жара таңды.
🩹 Ал ең бастысы — науқастармен сөйлесуді, сенім мен сабырдың маңызын түсінді.
«Медицина саласы — өте жауапты, маңызды сала. Біз адам өміріне жауап береміз. Сондықтан тәжірибе жинақтау біз үшін өте қажет. Бүгінгі ауруханадағы алғашқы қадамымыз сәтті болады деп сенемін», — дейді студент Виктория Троцевич.
Студенттер аурухананың қабылдау, хирургия, нейрохирургия, инсульт және урология бөлімдерінде жұмыс істеді. Әрқайсысына аға медбикелер жетекшілік етіп, үйретіп, бағыт-бағдар берді.
Бүгінгі күн — олардың есте мәңгі қалары сөзсіз. Өйткені бұл — ақ халатқа деген алғашқы құрмет пен сенімнің күні.⠀
Жаңалықтар
Алғашқы күн. Алғашқы жауапкершілік. Алғашқы тәжірибе.
Қаралды: 35