"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

2025 жылғы 2 қазанда біздің медициналық колледждің студенттері танымдық мәдени-тарихи іс-шараға — ашық аспан астында өткен «Құрылтай — Қазақ хандығын біріктіруші орган» тақырыбындағы дәріске қатысты.

Previous Next

2025 жылғы 2 қазанда біздің медициналық колледждің студенттері танымдық мәдени-тарихи іс-шараға — ашық аспан астында өткен «Құрылтай — Қазақ хандығын біріктіруші орган» тақырыбындағы дәріске қатысты. Дәріс тарихи атмосферада өтіп, Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуының негізгі аспектілеріне арналды. Студенттерге Құрылтайдың халықты біріктірудегі және маңызды шешімдер қабылдаудағы рөлі, сондай-ақ оның жоғарғы кеңесші орган ретіндегі маңызы жайлы айтылды.

Іс-шараға қатысушылар хандықтың әкімшілік құрылымы, билеушілері, шекаралары, тұрмысы мен қазақ халқының дәстүрлері туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, сол дәуірдің мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарына ерекше назар аударылды.

Бағдарламаның соңында студенттер Абылай хан резиденциясына экскурсия жасап, тарихи ескерткіштерді көзбен көріп, ұлы ханның өмірінен қызықты деректер естіп, өткен дәуірдің рухын сезіне алды.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!